Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының қорытынды отырысы өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2022 20:44 Сурет: Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штаб
25 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының қорытынды отырысы өтті. Оның барысында үгіт-насихат кезеңінде атқарылған жұмыстар талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Халықтық коалицияның жұмысы осы сайлаумен шектеліп қалмайды

Бұл - тарихи сайлау болды, тарихи жеңіс болды. Біз бұл жеңіске береке-бірлігіміздің, мемлекетшіл ұстаным мен жоғары саяси мәдениеттің арқасында қол жеткіздік. Халықтық коалицияның жұмысы осы сайлаумен шектеліп қалмайды. Сайлауалды бағдарламаны, президенттің реформаларын іске асыруға келгенде біздің барлығымыздың ұстатынымыз бір болуы керек деп ойлаймын. Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының басшысы Ерлан Қошанов
Президент алға қойып берген мақсатымызға жету үшін бәріміз бірдей ат салысайық, бір-бірімізге көмектесейік. Сонда ғана президент бағдарламасы орындалады. Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров

Сайлау нәтижелері - қалың бұқара, президент және билік арасындағы 7 жылдық келісімшарт

Сайлау нәтижелері қалың бұқара, президент және билік арасындағы 7 жылдық келісімшарт екенін ендігі жерде бәріміз естен шығармауымыз керек. Сондықтан, менің түсінігімде, жалғыз президент емес, осы науқанға қатысқан барлық азаматтың халық алдында алған ортақ міндеттері бар екенін естен шығармауымыз керек.Белгілі экономист, қоғам қайраткері Жақсыбек Құлеекев

"Qazaqstan Team" жастар ұйымының жетекшісі Олжас Сүлейменов жастар үшін "Әділетті Қазақстан" өте қажет екенін баса айтты.

"Өйткені әділетсіздікке тап болған жас ешқандай бағдарламаға, ешқандай уәдеге иланбайды", - деді ол.
Тарихи жағдайды, стратегиялық мақсаттарды, елдің тәуелсіздігін есепке ала отырып, бір кандидатты қолдап, біз дұрыс таңдау жасадық. Біздің кандидат сайлауда айқын басымдықпен жеңіске жетті. "Ақжол" демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев

Қазақстан Жазушылары одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет сайлаудағы жеңіске халықтың сенімі түрткі екенін, енді оған селкеу түсірмеу керектігін ескертті.

Жұрттың бағдарламада айтылған сөздерге сеніммен қарағаны - жеңіс. Сондықтан біз коалиция болып ары қарай да бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, президент бағдарламасын іске асыру жолында да жұмыла берсек, көп сенімін ақтаған болар едік. Қазақстан Жазушылары одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: