Алматы облысында Lexus көлігі жолдан өтіп бара жатқан бірнеше жасөспірімді қағып кетті

Жол апаты Сурет: Zakon.kz
25 қарашада кешке Іле ауданындағы "Алматы-Қорғас" тас жолында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lexus IS көлігі Шелекке қарай шығыс бағытта ағызып келе жатқан. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше кәмелетке толмаған ер бала мен қыздар жолдан өтіп бара жатқан. Lexus көлігі жоғары жылдамдықпен топ балаға соғылып, оның бірнешеуін ұшып түсірген.

Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі оқыс оқиға кезінде оқушылар мектеп автобусынан түсіп, жолды кесіп өтіп бара жатқанын айтады. Әртүрлі дене жарақатын алған жасөспірімдер Іле ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.

Қанша адам зардап шеккені және олардың арасында қаза тапқандары бар-жоғы әлі белгісіз. Құзырлы ведомство кейінірек болған оқиғаға қатысты егжей-тегжейлі мәлімет беруге уәде етті.

Әзірге, бар белгісі - Lexus IS жүргізушісі ұсталған.

Жол апаты

Сурет: Zakon.kz

Алматы-Қорғас тас жолы

Сурет: Zakon.kz

Қайғылы оқиға

Сурет: Zakon.kz

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз