Жаңалықтар тізбегі
0

Футболдан ӘЧ-2022: Месси Аргентина құрамасының алғашқы жеңісіне қатысты пікір білдірді

Аргентина-Мексика, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2022 12:45 Сурет: Instagram/fifaworldcup
Аргентина құрамасының капитаны, атақты спортшы Лионель Месси әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші турында Мексика құрамасымен болған ойынға қатысты өз пікірін білдірді. Бұл кездесуде Аргентина 2-0 есебімен қарсыластарын ұтып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атақты "ПСЖ" клубының шабуылшысы Месси 2022 жылғы әлем чемпионатында Аргентина – Мексика матчының үздік ойыншысы атанды. 35 жастағы аргентиналық ең бірінші болып осы ойында есеп ашты, ал матчтың аяқталуына үш минут қалғанда Энцо Фернандеске гол соғып, кездесуді 2:0 есебімен түйіндеді.

"Бүгін жеңіске жету керек болғанбыз, ол қолымыздан келді. Сәрсенбіде тағы бір финал болады. Осы қалпымыздан танбай, доданы жалғастыруымыз керек. Алға, Аргентина!" Лионель Месси

Топтық кезеңнің соңғы және шешуші матчында аргентиналықтар 30 қарашада кіші топтың көшбасшысы Польшамен ойнайды.

"Мексиканы жеңу бізге оңай болған жоқ, құрған өз тактикамызды жүзеге асыру тек екінші таймда мүмкін болды. Осы қарқынмен тоқтаусыз ұпай жинауды бізге жалғастыру керек. Әрбір келесі матч - финал, қателіктерге жол бермеуіміз қажет. Бізге нәтиже керек болды және оған қиын жағдайларда қол жеткіздік. Біздің команда бүтіндей барын салып, өзін көрсетуге тырысты, бірақ алда тағы бір қиын матч тұр. Оған да мықтап дайындалатын боламыз". Лионель Месси

Үшінші тур алдында Аргентина құрамасы қоржынында Сауд Арабиясы құрамасы сияқты үш ұпаймен толыққан. Ал Польшада төрт ұпай бар, мексикалықтар бір ұпаймен турнир кестесін қайырды.

Соңғы турда 30 қарашада Аргентина-Польша және Мексика-Сауд Арабиясы құрамалары кездеседі. Бұл ойындар Астана уақыты бойынша сағат 01: 00-де басталады. Аталған төрттіктің 2022 жылғы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өтуге мүмкіндігі бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: