Жаңалықтар тізбегі
0

Қатарда 2022 жылғы әлем чемпионаты кезінде Месси тұрған бөлме мұражайға айналады

Қатар, Қатар университеті, Леонель Месси, Футболдан әлем чемпионаты, мұражай, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2022 09:54 Сурет: Twitter/FIFAWorldCup
Жақын арада әлем чемпионатының жұлдызы, Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси тұрған Қатар университетінің кампусындағы бөлме футболшының мұражайына айналады, деп хабарлайды Zakon.kz.

INC news басылымының жазуынша, B201 нөмірлі бөлме жергілікті тұрғындар да, туристер де көре алатындай сол қалпында сақталады.

Мессидің бөлмесінде екі бір кісілік кереует, жазу үстелі, креслолар, теледидар және жастық қойылған диван бар.

Есікте "L. Messi" деген жазу жазылған Аргентина туының түсіне ұқсас жолақ бар.

2022 жылғы әлем чемпионатында Месси үздік ойыншы деп танылса, Аргентина құрамасы финалдық ойында (3:3 және 4:2 пенальти бойынша) Франция құрамасын ұтып, чемпион атанды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: