Алматылықтарға ағаш жанына көліктерін қоймау ескертілді

Қолайсыз ауа райы Сурет: Zakon.kz
Қалада түні бойы қар жауды. Қаладағы қызметтер жоғары дайындық режимінде жұмыс істеді. Көшелер мен аулаларды қардан тазарту жұмыстары үздіксіз жүргізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамынша, 27 қарашада қалада ауа температурасы -4... -13°С градус аяз болады. Күндіз күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жолдарда көктайғақ орын алды.

Алматы қаласы әкімдігі тұрғындардан ауа райының қолайсыздығына назар аударуды, ағаштардың жанында болмауды және көлікті де ағаш маңына қоймауды сұрайды.

Автокөлік жүргізушілеріне жазғы резеңкені қысқыға ауыстыруға кеңес беріледі. Жаяу жүргіншілерге де жолда абай болу ескертіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз