Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыда көлікті бүлдірген бұзақылар ұсталды

Қылмыс жасаған адам ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2022 14:12 Сурет: ҚР ІІМ
Сағат таңғы 04.00 шамасында Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне Крылов көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің ауласында тұрған автокөлікті белгісіз біреулер бүлдіргені туралы ақпарат түсті.

Оқиға орнына сол жерге жақын маңдағы патрульдік полиция полкінің жасағы жіберілді. 22 жастағы жәбірленуші оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне кешкілік уақытта өзі тұратын үйдің ауласына автокөлігін қойғанын, таң ата көліктің дабылы ойнаған соң далаға шыққанда белгісіз біреулер оның терезесін сындырып, алдыңғы крылосын майыстырып кеткенін айтты.

Оған келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгені құраған. Оқиға болған жерге тексеріс жұмыстарын жүргізу барысында полиция қызметкерлері бір топ жігіттерді байқады.

Олар тәртіп сақшыларының көлігін көрген бетте қаша бастаған. Жедел жұмыстар барысында полиция қызметкерлерімен 19 бен 32 жас аралығындағы бес жігіт ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Ұсталғандар бұзақылық әрекеттері барысында көлікті бүлдіргендері туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: