Жаңалықтар тізбегі
0

"ҚазАвтоЖол" ақылы жолдар арқылы гуманитарлық жүктерді тегін тасуға өтініштер түскенін айтты

Гуманитарлық жүк, су тасқыны, ақылы жолдар, тегін тасымал, өтініш, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2024 19:41 Сурет: "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ға гуманитарлық жүкті еліміздің батысы мен солтүстік өңірлерге тегін жеткізуді сұраған көлік жүргізушілері мен еріктілерден 40-тан астам өтінім келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ өздеріне ақылы жолдар арқылы гуманитарлық жүкті тасу үшін 40-тан астам өтінім келіп түскенін хабарлады.


"Бүгінгі таңда жүргізушілер мен еріктілерден 40-тан астам өтінім келіп түсті. Гуманитарлық көмектің көбісі еліміздің батыс және солтүстік өңірлеріне бағытталған. Шымкент, Алматы, Өскемен, Орал, Түркістан және Астана қалаларынан келіп түскен негізгі өтінімдер "Шымкент-Құлсары", "Шу-Петропавл", "Алматы-Орал", "Талдықорған-Петропавл", "Өскемен-Петропавл", "Астана-Петропавл" бағыттары арқылы жеткізіліп жатыр", делінген хабарламада.

Жүргізушілер аймақтарға азық-түлік, киім-кешек, киіз үйлермен және басқа да қажетті заттарды жеткізуде.

Естеріңіз сала кетейік, ақылы жолдар 2024 жылдың 24 сәуірінен бастап 5 мамырға дейін тегін болады.

Ақылы жолдарда тегін жүру мүмкіндігін пайдалану үшін көлік жүргізушілері 1403 байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыруы қажет. Өтінім берген кезде көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірін және жоспарланған бағытты көрсету керек.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: