"ҚазАвтоЖол" басшысы өз еркімен қызметінен кетті
Сурет: Instagram/kassymbayevmeirkhat
Мейірхат Қасымбаев "ҚазАвтоЖол "ҰК АҚ басқарма төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қызметтен кететінін Мейірхат Қасымбаев 30 қазанда Instagram желісінде жариялады. Ол бүгінде республикалық автожолдар желісінде жұмысы тоқтап тұрған бірде-бір жол жобасы жоқ екенін атап өтті.
"Бүгін жеке шешіміме сәйкес "ҚазАвтоЖол "ҰК"АҚ Басқарма Төрағасы қызметін аяқтадым. Екі жылға жуық уақыт ішінде әріптестеріммен бірлесе құрылысы ұзаққа созылған жолдарды қолға алып, жобаларды аяқтау үшін аянбай еңбек еттік. Үлкен жұмыс атқарылды. Бүгінгі таңда республикалық автожолдар желісінде жұмысы тоқтап тұрған бірде-бір жол жобасы жоқ деп сеніммен айта аламын", – деп жазды ол.
Мейірхат Қасымбаевтың сөзінше, соңғы екі жыл ішінде 7 млн тонна асфальт төселді, яғни шамамен 2,5 мың шақырым жол жаңа асфальтпен қамтылған.
"Жасыратыны жоқ, автожол саласы мемлекет басшысының тарапынан да, тұрғындарымыздың тарапынан да бірнеше рет сынға ұшырады. Жолдың мәселесі бір күнде шешілмейді. Оң өзгеріске қол жеткізу үшін жүйелі түрде жұмыс істеу керек. Президенттің тапсырмасына сәйкес былтырдан бері саланы реформалау үшін бірқатар шара қабылданып жатыр. Өз тарапымыздан шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, құзыретті органдарға бірқатар ұсыныс жолдадық".Мейірхат Қасымбаев
Мейірхат Қасымбаев "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ басқарма төрағасы болып 2022 жылғы ақпан айында тағайындалды.
Нұрлан Алдамжаров су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript