Жаңалықтар тізбегі
0

Мейірхат Қасымбаев «ҚазАвтоЖол» ҰК төрағасы қызметіне тағайындалды

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2022 17:19 Сурет: ҚазАвтоЖол
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Мейірхат Мейрамханұлы Қасымбаев «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Мейірхат Мейрамханұлы Қасымбаев 1980 жылдың 21 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Заңгер және қаржыгер мамандығының иесі.

Лондон экономика және саясаттану мектебінде мемлекеттік басқару курстарынан өтіп, Сингапурда біліктілігін арттырған.

Мейірхат Қасымбаев 11 жыл құқық қорғау органдарында және мемлекеттік қызмет құрылымдарында түрлі лауазымдарда қызмет етті. Жол және инфрақұрылымдық құрылыс саласындағы еңбек өтілі 10 жылдан асады.

Мемлекеттік наградалар мен алғыс хаттары бар. Сонымен қатар ол – ауылдан келген оқушыларға қолдау көрсететін IQanat білім беру қорының қамқоршысы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: