Ақылы автожолдарды кім тегін пайдалана алады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда 17 ақылы жол учаскесі жұмыс істейді. "ҚазАвтоЖол" ҰК "АҚ баспасөз қызметі аталмыш жолдарда кімдердің тегін жүруіне құқықғы бар екендігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көлік құралдарының мынадай санаттары төлеуден босатылады:
- жедел медициналық жәрдем ұйымдарының;
- авариялық-құтқару қызметтерінің;
- құқық қорғау органдарының;
- көліктік бақылау органдарының;
- арнаулы мемлекеттік органдардың;
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың;
- жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) күтіп-ұстауды және оларға техникалық қызмет көрсетуді тікелей жүзеге асыратын Ұлттық оператордың;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған, тиісті ақылы автомобиль жолында (учаскесінде) күтіп-ұстауды және техникалық қызмет көрсетуді тікелей жүзеге асыратын концессионердің арнаулы автокөлік құралдары;
Автобустар: кенттерді, ауылдарды аудан немесе облыс орталықтарымен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қалалармен қосатын қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автобустар.
Сонымен қатар:
- ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген автобустары бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;
- жүк автокөлік құралдары, өздігінен жүретін доңғалақты ауылшаруашылық, мелиорациялық машиналар таяу көлікке арналған айрықтары арасындағы жол кесінділері шегінде су тосқауылдары мен темір жолдарды кесіп өту үшін;
- ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың жеке және заңды тұлғаларының аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген жеңіл автомобильдері бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;
- Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жеңіл автомобильдері босатылады.
"Көрсетілген көлік құралдарының мемлекеттік нөмірлері жоғарыда көрсетілген санаттарға сәйкес мамандандырылған топтарға енгізіледі. Ақылы жолдардағы жол қозғалысы аркалардағы камераларға жазылып, жүйеде жол ақысы алынбайды"."ҚазАвтоЖол" ҰК "АҚ баспасөз қызметі
Бұл жеңілдікті алу үшін жоғарыда аталған санаттардың өкілдері «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ға көлік құралдарының мемлекеттік нөмірлерін, сондай-ақ автобустардың маршрут парақтарын қосып, ресми өтінім жіберу керек.
Оқи отырыңыз
Бүгін - Мұстафа Өзтүріктің туған күні
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript