Жаңалықтар тізбегі
0

Сәбидің арқасындағы тікеннен қалай арылуға болады

сәби, нәресте, бала, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2022 13:20 Сурет: unsplash
Жаңа туған нәрестелердің кейбірінің арқасында "тікен" болады. Медицинада бұл құбылысты лануго деп атайды. Ол дегеніміз - жаңа туған нәрестенің денесіне алғашқы түктің шығуы, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сәбидің арқасындағы біз "тікен" деп атайтын құбылыс негізі теріні жарып шыға алмай тұрған түк деседі. Ол сыртқа шыға алмаған соң тері астында өсіп, балаға ыңғайсыздық тудырады. Бала содан мазасызданады, түнде ұйықтай алмауы да мүмкін. Тікен көбіне жаңа туған баланың арқасында байқалады. Кейде иығында, бөксесінде де кездеседі.

Баланың арқасындағы тікенді қалай анықтауға болады?

Баланың арқасында тікен бар-жоғын аналарымыз көбіне баланы шомылдырғаннан кейін үстін маймен сылағанда байқайды. Баланы шомылдырған соң оны етбетінен жатқызып, арқасын маймен уқалау керек. Қолға қара кішкентай тікен не түк жабыса бастаса, сәбиде тікен бар деген сөз. Егер 2-3 минут уқалаған соң ештеңе байқалмаса, онда баланың арқасында тікен жоқ. Жаңа туған баланың терісін одан әрі уқалау қауіпті.

Тікенді қалай алуға болады?

Кейбір аналар баланы жуындырып болған соң уқалап-ақ тікендерді алып тастайды. Бұл тәсілді бірнеше рет тікен болмағанға дейін қайталауға болады.

Сонымен қатар кейбір аналар баланың арқасына өзінің сүтінен 2-3 тамшы тамызып, сонымен уқалап та тікенді алып жатады.

Тағы бір тәсіл: кәдімгі қамырды баланың арқасына 1-2 жүргізіп өтуге болады. Сонда қамырға сәбидің арқасындағы тікен жабысып, алынады. Мұндай тәсілді баланың арқасындай көлемдегі қамырды денесіне 10 минут қойып, қайта алу арқылы да жасауға болады.

Мақала түріндегі кеңестер дәрігердің көмегіне тең келмейді. Айтылған тәсілдерді қолданбас бұрын медицина мамандарымен кеңесуіңізді сұраймыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: