Жаңалықтар тізбегі
0

Құмар Ақсақалов Қостанай облысының әкімі болып тағайындалды

Құмар Ақсақалов Қостанай облысының әкімі болып тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2022 14:10 Сурет: primeminister.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Құмар Ақсақалов Қостанай облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарлық мәтіні Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Құмар Ақсақалов 1965 жылдың 24 тамызында, Қостанай облысының Ленинск ауылында дүниеге келген.

Білімі:

1987 жылы В.П.Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндірісінің инженерлі институтын инженер-механик мамандығы бойынша тамамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек өтілі:

1987-1989 Ж.Ж-Қостанай облысы Урицкий ауданы "Крыловский" кеңшарының бас инженері болды .

  • 1989-1991 ж.ж – Қазақстанның ЛКЖО-ның Қостанай облысы Урицкий аудандық комитетінің бірінші хатшысы.

  • 1991-1992 ж.ж – Қостанай облысы Урицкий ауданы "Маяк" кеңшарының бас инженері .

  • 1992-1993 ж.ж – Қостанай облысы Қостанай ауданы "Новоселовка" мемлекеттік шағын кәсіпорынның директоры.

  • 1993-1996 ж.ж – Қостанай облысы Қостанай ауданы "Қостанай" ғылыми -өндірістік бірлестігі директорының орынбасары.

  • 1996-1998 ж.ж – Қостанай облысы Меңдіқара ауданының "Север" ұжымшарының төрағасы, "Север" ААҚ президенті.

  • 1998-2002 ж.ж – Қостанай облысы Меңдіқара ауданының әкімі.

  • 2002-2004 ж.ж – Қостанай облысы Таран ауданының әкімі.

  • 2004-2006 ж.ж – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

  • 2006-2010 ж.ж – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.

  • 2010-2015 ж.ж –"Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясы Орталық аппаратының басшысы,"Нұр Отан" партиясының хатшысы.

  • 2015-2017 ж.ж – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.

  • 2017-2022 ж.ж. – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: