Жаңалықтар тізбегі
0

Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымында қалды

Алматы облысының әкімі Сурет: primeminister.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарлық мәтіні Ақорданың ресми ақпараттық ресурсында жарияланды.

Марат Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Білімі:

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша — экономист-қаржыгер, заңгер, іскерлік әкімшілендіру магистрі.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 1997 жылы Салық бөлімінің заңды тұлғаларды тексеру бөлімінің бірінші санатты маманы болып бастаған.

  • 1998-2001 жылдары Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы, аға салық инспекторы, жетекші салық инспекторы, бас маман – бас салық инспекторының м. а. болып жұмыс істеген.

  • 2001-2010 жылдары Алматы қаласы бойынша Салық комитетінде жұмысын жалғастырған, Алматы қаласы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.

  • 2010-2012 жылдары ҚР Қаржы министрлігінде басшылық қызметтерді атқарған.

  • 2012-2014 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі.

  • 2014-2017 жылдары — ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

  • 2017 жылғы маусымнан 2018 жылғы қазанға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік–экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

  • 2018 жылғы қазаннан бастап ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

  • 2021 жылғы мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі;

  • 2022 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы бірінші вице-министрі;

  • 2022 жылғы маусым айынан бастап Алматы облысының әкімі қызметін атқарып келді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз