Құмар Ақсақалов Қостанай облысының әкімі болып тағайындалды
Жарлық мәтіні Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Құмар Ақсақалов 1965 жылдың 24 тамызында, Қостанай облысының Ленинск ауылында дүниеге келген.
Білімі:
1987 жылы В.П.Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндірісінің инженерлі институтын инженер-механик мамандығы бойынша тамамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек өтілі:
1987-1989 Ж.Ж-Қостанай облысы Урицкий ауданы "Крыловский" кеңшарының бас инженері болды .
1989-1991 ж.ж – Қазақстанның ЛКЖО-ның Қостанай облысы Урицкий аудандық комитетінің бірінші хатшысы.
1991-1992 ж.ж – Қостанай облысы Урицкий ауданы "Маяк" кеңшарының бас инженері .
1992-1993 ж.ж – Қостанай облысы Қостанай ауданы "Новоселовка" мемлекеттік шағын кәсіпорынның директоры.
1993-1996 ж.ж – Қостанай облысы Қостанай ауданы "Қостанай" ғылыми -өндірістік бірлестігі директорының орынбасары.
1996-1998 ж.ж – Қостанай облысы Меңдіқара ауданының "Север" ұжымшарының төрағасы, "Север" ААҚ президенті.
1998-2002 ж.ж – Қостанай облысы Меңдіқара ауданының әкімі.
2002-2004 ж.ж – Қостанай облысы Таран ауданының әкімі.
2004-2006 ж.ж – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2006-2010 ж.ж – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
2010-2015 ж.ж –"Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясы Орталық аппаратының басшысы,"Нұр Отан" партиясының хатшысы.
2015-2017 ж.ж – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.
2017-2022 ж.ж. – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болды.