Серік Шәпкенов қызметінде қалды
"Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалсын"– Ақорданың ресми ақпараттық ресурсы жариялаған Жарлық мәтінінде.
Серік Шәпкенов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында туған. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «экономист-математик» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастады. Түрлі жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты құрылымында жұмыс істеді.
2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.
2015-2016 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2016-2018 жылдары — Атырау қаласының әкімі.
2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.
2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
2021 жылдан Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
2022 жылдан бастап Атырау облысының әкімі.