Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау маңында тосыннан көл пайда болып, мәселе тудырды

Көл, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2022 11:55 Сурет: telegram/Petro_council
Атыраудағы Қарабатан станциясы маңында көлемі 6 гектарды қамтитын көл пайда болды. Оның суреттері мен видеосы әлеуметтік желіде тарай бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Экология департаментінің мамандары су қоймасынан сынамалар алып, одан әрі зерттеу үшін зертханаға жіберді. Нәтижесі келесі аптаның басында белгілі болады.

"Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" АЭА ауданында көлдің пайда болу себебін анықтау қажет. Ол үшін сарапшылар судың химиялық құрамын, ондағы ауыр металдар мен басқа қоспалардың бар-жоғын тексеруі тиіс.

Малшы Жайшық Ерғалиев аяқ-асты пайда болған көлді 24 қарашада байқаған. Бұл аумақта адамдар күніне 300-ден астам жылқы мен 200-ге жуық сиыр айдап, бағады.

"Мына көл бұрын болмаған. Мал бұл жердің суын ішпейді, химиялық заттардың иісі шығады. Менен басқа, ЖЭО каналының бойында мал өсірумен айналысатын 20-дан астам жеке шаруа қожалығы бар. Бізді облыс әкімдігіне шақырды. Су мен электр мәселесін шешуді сұрап жүрсек, енді "химиялық" көл мәселесін де талқылауға тура келіп тұр, өйткені мұнда малдар жайылады". Малшы Жайшық Ерғалиев

Әлеуметтік желіде көл мұнай өндіру кезіндегі сапасыз жұмыстың салдарынан пайда болуы мүмкін деген пікір де айтылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: