Алматы облысында жүк көлігімен соқтығысқан "Жигулидегі" екі адам қаза тапты

Көлік апаты Сурет: instagram/almaty_kris_p
1 желтоқсанда Алматы облысының Жетіген ауылында ВАЗ маркалы автокөлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай КамАЗ жүк көлігіне соқтығысқан. Жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында опат болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"1 желтоқсанда сағат 18:00 шамасында Жетіген ауылында ВАЗ маркалы автокөліктің 26 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай КамАЗ жүк көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан ВАЗ-дың жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды".Алматы облысының полиция департаменті

Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы, 4-бөлігі - "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді.

Қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз