Жаңалықтар тізбегі
0

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында шиеленіс орын алды

Шиеленіс, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2022 16:37 Сурет: pixabay
Қырғызстанның ҰҚК шекара қызметі Сомониен (ТР) ауылы арқылы қырғыздың Дахма ауылына бара жатқан қырғызстандықтар мен тәжік азаматтары арасында дүрдараздық орын алып, төбелестің арты атысқа ұласқанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 3 желтоқсанда түскі таман орын алған. Екі елдің азаматтары өзара сөзге келіп қалған. Жаудырылған бәйәдеп сөздерден кейін қос тарап жердегі тастарға қол созған.

"Жанжалдың шиеленісуіне жол бермес үшін әрі төбелесіп жатқандарды тарату мақсатында Қырғызстанның өзге бір азаматы аңшылық мылтықтан ауаға үш ескерту оғын атқан. Оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін Баткен және Исфара учаскелері бойынша Қырғызстан мен Тәжікстанның шекара өкілдері деңгейінде кездесу өтіп жатыр", делінген хабарламада.

Тәжікстан БАҚ-тары бұл ақпаратты растады. Олардың мәліметтері бойынша, шекара маңындағы ауыл тұрғындары арасында қақтығыстар болған. Бірақ, олар қырғыз ауылының бірнеше адамы кетіп бара жатқан тәжіктің ауылы - Сомониен тұрғынына тас лақтырған дегенді алға тартады.

Салдарынан тәжікстан азаматы басы мен құлағынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: