Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болды

Қырғызстан, Тәжікстан, шекара, атыс, шекарашылар, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2022 12:53 Сурет: pxhere
Мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік бөлігінде қарулы қақтығыс болды. Бұл туралы Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

24.kg ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 10 наурызда Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында шекарашылар арасында атыс болды.

Атыс шамамен он минутқа созылған. Қырғыз тарапынан қақтығыс салдарынан жараланғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, тәжік тарапынан жараланғандар бар.

Қазір екі елдің өкілдері келіссөздер жүргізіп жатыр.

Тескей ауданы мемлекеттік шекараның белгіленбеген учаскесі болып саналады, бірақ ол аумақты іс жүзінде Қырғызстан азаматтары пайдаланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: