Жаңалықтар тізбегі
0

Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекарада қарулы қақтығыс орын алды

Қарулы қақтығыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2022 22:53 Сурет: gov.kz
Қырғызстанның шекара қызметі қырғыз бен тәжік шекарашылары арасында атыс басталғанын хабарлады. Тәжікстан қырғыз шекарашыларының әрекеттерін өздеріне жасалған агрессия деп санайды, деп хабарлайды Zakon.kz

РИА Новости мәліметінше, қақтығысқа қырғыздың Исфан мен Баткен қалаларын байланыстыратын тас жолды тәжік әскерилерінің жауып тастауы себеп болған.

Тәжік тарапы граната атқыш пен миномет снарядтарын қолданғаны айтылады.

Оқиға орнында тексеру жүргізіліп жатыр. Шекарашылар "күшейтілген қызмет режиміне (казармалық емес)" ауыстырылды.

Аноним дереккөздің айтуынша, екі елдің шекарашылары арасында қарулы қақтығыс басталған Ош-Исфан тас жолының әртүрлі учаскелерінде ауық-ауық атылған оқтың дыбыстары естіледі.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасы екі елдің жергілікті тұрғындары мен шекарашылары арасындағы қақтығыс аймағына ақырындап айналып барады. Мұның себебі - мемлекеттер арасындағы шекара қалай созылып жатқанын анықтау қиындық туғызатын бөлінбеген учаскелер.

Өткен жылдың сәуір айының соңында Қырғызстан мен Тәжікстанның шекаралас аудандарының тұрғындары арасында "Головной" су қоймасы үшін қақтығыс екі елдің әскери күштерінің қарулы қақтығысына ұласқан болатын. Қырғызстанның 36 азаматы қаза тауып, 200-ге жуық адам зардап шекті. Тәжікстан тарапынан 19 адам қаза тауып, 87 адам зардап шекті. 300-ден астам үй мен инфрақұрылым қирады немесе өртенді. 30 сәуірде кешке ымыраға қол жеткізілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: