Жаңалықтар тізбегі
0

Екібастұздағы мектеп пен балабақшаларда жылу қашан қосылады

Екібастұздағы апат, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2022 09:54 Сурет: ҚР үкіметі
Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы Олег Крук Екібастұздағы мектеп пен балабақшаларға жылу қашан берілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, 5 желтоқсаннан бастап әлеуметтік нысандарға жылу қайтадан қосылады.

"Қазір тұрғын үйлерге жылу тасымалдағыштар беріп жатырмыз. Ендігі кезекте - су құбырын қалпына келтіру. Ертеңнен бастап (5 желтоқсан) әлеуметтік нысандарға жылу беруді қалпына келтіруге кірісіп жатырмыз. Бізде 52-Орталық жылу пунктінде үш нысан бар, оған қоса параметрлер бар. Қалпына келтірген бойда мектептер мен балабақшаларды жылумен қамту режимін қалпына келтіру мәселесі дереу қаралады".Олег Крук

Қарашаның 27-сіне қараған түні апат салдарынан Екібастұзда жылу мен ыстық су беру тоқтатылды.

Энергетика министрлігі жылу құбырларының тозуының жоғары деңгейін хабарлады, бұл - 70%-дан астам деген сөз. Жылу желілерінің зақымдануын жоюға жедел бригадалар жұмылды.

28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды.

4 желтоқсанда Екібастұзда жүрген ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр премьер-министр Әлихан Смайыловпен телефон арқылы сөйлесті. Премьер-министр мен оның орынбасары қаланың жылу желілеріндегі апаттың салдарын жою барысын талқылады. Склярдың айтуынша, бірде-бір ірі ұйым бұл үйлерді толығымен аяқтамайынша тастамайды. Қазір барлығы 484 адам жұмылдырылған.

Кейін Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы Олег Крук Екібастұз қаласындағы барлық үйдің жертөлесіне жылу берілгенін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: