Жаңалықтар тізбегі
0

Екібастұзда жылу беру қызметін толықтай қалпына келтіру қашан мүмкін болатыны айтылды

Екібастұздағы ахуал, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2022 19:52 Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Олег Крук Екібастұзда жылумен беру қызметін толықтай қашан қалпына келтіру мүмкін екендігіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жылу желілерін қосу, яғни үйлерге жылу беру жұмысын ертең аяқтаймыз, тіпті ары кетті дегенде бүрсікүні болар деп үміттенемін. Бірақ, ертең бітіп қалуымыз керек, негізі", - деді Олег Крук жедел штабта өткен брифингте.

Оның айтуынша, 2 желтоқсанда сағат 18:00-дегі жағдай бойынша, қалада жалпы саны 30 тұрғын үйде жылу жоқ. Бір күн бұрын бұл цифр 49-ды құраған. Демек, бұл бағытта жұмыстар қарқынды атқарылып жатыр.

Брифинг барысында қала әкімі де осы сауалға, яғни журналистердің жанама тағы бір сұрағына жауап бере кетті.

"Эвакуация" сөзін қолданбауларыңызды сұраймын. Өйткені бүгіндері жергілікті билік алдында адамдарды эвакуциялау мәселесі тұрған жоқ. Біз тек балаларды басқа жерге, атап айтқанда арнайы дайындалған лагерьлерге көшірдік. Қала тұрғындары эвакуацияланбайды, керісінше үйлерге тез арада жылу беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Басымдық осы мәселеге берілген". Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин

Оның айтуынша, қалада тамақ, ыстық шай ұсынылатын 14 жылту пункті жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар 10 мобильді жылыту пункттері бар. Сондай-ақ тұрғындардың өтініші бойынша 25 биоәжетхана ұйымдастырылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: