СҚО әкімі жылу электр стансасының бүгінгі жай-күйімен танысты

Желтоқсанның екісі күні Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров екінші жылу электр орталығына барып, орталықтың жұмысын тексерді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңір басшысы жауапты тұлғаларға стансаның жұмысы мен жабдықтардың жай-күйін тұрақты бақылауда ұстауды, жұмыста іркіліс болмауды қатаң бақылауды тапсырды.
Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров жауапты тұлғаларға стансаға көмірді үздіксіз жеткізуді қамтамыз етуді, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердегі температуралық режимді күн сайын қадағалап отыруды, жылу желілерінің жағдайын үнемі тексеруді тапсырды.

Сурет: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі

Сурет: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі
Бөлісу
0
Толық оқу