СҚО әкімі Айдарбек Сапаров су құбырының жөндеу жұмыстарын өзі қадағалады
Сурет: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров үшін бірінші жұмыс күні Петропавлдағы су құбыры жарылған жерге барып, жөндеу жұмыстарымен танысудан басталды. Облыс әкімі апат салдарын жедел жою үшін жауапты адамдарға барлық техника мен бригадаларды барынша жұмылдыруды тапсырды.
Мамандар су құбырын жөндеу жұмыстарын қысқа мерзімде бітіріп, жақын маңдағы 9 үйдің тұрғындарына су беру қайта қалпына келтірілді.
Сурет: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі
Сондай-ақ көпқабатты үйлердің тұрғындарына ауыз су жеткізу ұйымдастырылды.
Сонымен қатар қала көшелеріндегі апаттың салдарын жою жұмыстары жүргізілді. Көшелер мұздан тазартылған соң құм-тұз қоспасы төселді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript