Қарағандыдан Жезқазғанға жолға шыққан әйелдің пойызда тосыннан толғағы қысып, қызды болды

Пойыз Сурет: "Қазақстан теміржолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі
5 желтоқсанда сағат 11:17-де №66 жолаушылар пойызының қызметкерлері баланың дүниеге келуіне көмектескен, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан теміржолы" компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Қарағандыдан Жезқазғанға күйеуімен бірге бара жатқан жүкті әйелдің тосыннан толғағы басталған.

Пойыз бастығы Индира Құлмаханованың сөзіне қарағанда, қызметкерлер нұсқаулық бойынша әрекет еткен. Олар пойыз жүргізушісіне дереу хабар беріп, жақын маңдағы станцияға жедел жәрдем шақырған.⠀

Жолсеріктер Жезқазған станциясына жеткен соң әйел мен оның жаңа туған қызын жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған. Ата-ана нәрестенің есімін Арай деп қойған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз