Қазақстанның Болгариядағы, Литвадағы және Албаниядағы елшілері тағайындалды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 желтоқсанда Қазақстанның Болгария мен Литвадағы жаңа елшілерін тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысының жарлығымен:
Виктор Валерийұлы Темірбаев Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;
Тимур Бейбітәліұлы Оразаев Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Бөлісу
0
Толық оқу