Баланың көзінше мысықты өлтірген Қонаев тұрғынына үкім шықты

Мысық Сурет: pixabay
Қонаев қаласының прокуратурасы әлеуметтік желілерге мониторинг жасап, үй жануарын қоғамдық орында, жас баланың көзінше ұрып-соғу фактісін анықтады. Бүгін, 2022 жылғы 13 желтоқсанда резонанс тудырған іс бойынша үкім шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Прокуратура қылмыс болған дүкенге кіреберістегі бақылау камерасынан бейнежазбаны алдыртқан.

Онда мас ер адам мысықпен ойнаған балаға ойнап тұрған жақындап, жануарды тепкілегені көрінеді. Мысық қабырғаға соғылып барып, өліп қалған. Ал ер адам кетіп қалған.

Алматы облысының прокуратурасы Қазақстанда жануарларға қатыгездік көрсеткендерге жаза күшейгенін айтты. Қылмыстық кодекстің 316-бабының 3-бөлігі бойынша көпшілік орында және балалардың көзінше жасалған мұндай әрекеттер үшін бір жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Кінәлі анықталды. Ол қаладағы кәсіпорындарының бірінде жұмыс істейтін және балалары бар Қонаев қаласының 38 жастағы тұрғыны болып шықты.

"Ол мас күйінде үй жануарын себепсіз ұрып-соғып, кейін қатты өкінген. Қонаев прокуроры  Айдос Шорманов азамат Қ. (1984 жылы туған) кінәсін мойындап, мұнысына өкініп отырғанын ескеріп, сотталушыға бас бостандығын алты ай мерзімге шектеу түрінде жаза беруді сұрады".  Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Сот прокурордың ұсынысын қолдап, кінәліге осы жазаны кесті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз