Күйеу жігітті өлтірген қазақстандыққа үкім шықты

Көкшетауда 21 жастағы тұрғынды неке қию рәсімін тойлау кезінде өлтіріп кеткен айыпталушыға үкім шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақмола облыстық сотының мәліметінше, 2024 жылдың қарашасында Көкшетау қаласының ойын-сауық орындарының бірінде жәбірленуші С. достарымен некесінің қиылғанын атап өтті.
"Сотталған Б. сол ойын-сауық орнында достарымен бірге болған. Екі компания арасында ауызша жанжал туындап, оның барысында Б. үш рет С-ны пышақпен ұрған, оның бірі жүрекке тиген. С. алған жарақаттарынан жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды",- делінген ақпаратта.
Айыпталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, кісі өлтіру фактісі жазылған мекеменің бақылау камераларындағы бейнежазбалармен және сараптамалардың қорытындыларымен дәлелденді.
Сот үкімімен Б.-ға 16 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалып, жәбірленуші тарапына келтірілген 10 млн. тенге моральдық залал өндірілді.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript