Қонаевтағы орман алқабынан қару-жарақ сақталған орын анықталды

Орман алқабынан табылған қару-жарақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.12.2022 18:19 Сурет: видео скрині
Алматы облысы полиция департаментінің қызметкерлері бүгін, 13 желтоқсанда жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Қонаевтағы орман алқабынан қару-жарақ сақталған орынды анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай сөмкесінің ішінен 12 мм винчестердің 2 бірлігі, 223 Rem BENELLI маркалы мылтық карабині, 16 мм екі ұңғылы кесілген аңшылық мылтық және бір ұңғылы кесілген мылтық табылған.

Сонымен қатар газ тапаншасы, "Ф-1" маркалы екі жауынгерлік граната, 440 дана 7,62 мм калибрлі және 18 дана 12 калибрлі патрондары бар темір қорап, сондай-ақ оқ өтпейтін жилет тәркіленді.

Аталған дерек ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша Қонаев қаласының полиция басқармасында тіркелді. Қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды және тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: