Ұлыбританияның премьер-министрі Тоқаевқа жеделхат жолдады

ҚР президенті, сайлау, Ұлыбритания премьер-министрі Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания премьер-министрінен кезектен тыс сайлаудағы жеңісіне орай құттықтау жеделхатын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Риши Сунак ҚР президентіне кезектен тыс сайлаудағы жеңісіне байланысты екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, стратегиялық серіктестікті нығайтуға және кеңейтуге мүдделі екенін білдірді.


2022 жылғы 20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. ОСК мәліметінше, 8,3 миллион қазақстандық дауыс беру құқығын пайдаланды.

22 қарашада Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров соңғы қорытындыны жариялады: сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз