Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Ұлыбританияның жаңа премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев Ұлыбританияның жаңа премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2024 21:00 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Ұлыбританияның жаңадан тағайындалған премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Кир Стармерді Лейбористер партиясының жалпы сайлаудағы айқын жеңісімен және оның Біріккен Корольдіктің премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады.

"Осы тарихи сәтте Ұлыбритания халқы партияның келешекті көздеген бағдарламасына және Сіздің тиімді көшбасшылығыңызға сенім білдірді. Қазақстан жақында қол қойылған Стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім аясында Ұлыбританиямен сан қырлы ықпалдастықты одан әрі дамытуға бейілді", - деп жазылған жеделхатта.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы жаңадан сайланған премьер-министрдің жауапты жұмысына табыс, Ұлыбритания халқына бақ-береке тіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: