Түркістан облысында қарызға белшесінен батқан жас жігіт әкесін өлтіртпек болған

Тапсырыспен кісі өлтірту Сурет: freepik
Түркістан облысының тұрғыны қарызынан құтылу үшін әкесін өлтіруге тапсырыс берген. Мойнында 1 миллион теңге несиесі бар 19 жастағы жігіт берешегінің барын айтуға әкесінен қорыққаны айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ай сайынғы төлемге шамасы келмеген жас жігіт әкесінің малын сатып, несиесінен құтылмақ болады. Арам жоспарына үш қатарласын тартқан. Біреуі тіпті кәмелетке жасқа толмаған, деп хабарлайды astana.tv.


Қылмыстық ниетін жүзеге асыру мақсатында алдын ала сөз байласқан таныстары Бақытжанұлы, Үдербай және Тастыбай Есеннің тікелей тапсырмасы бойынша әкесін қасақана өлтіру үшін жәбірленушінің үйіне келген. Содан "қорада бір қой өлейін деп жатыр" деген сылтаумен жәбірленушіні қора жақа алып барып есігін ашқан. Кемеловтің денесіне ретсіз пышақ ұрған. Түркістан облыстық сотының ресми өкілі Әсет Серікбаев

Күдіктілер кінәларын ішінара мойындаған. Қылмысқа тапсырыс беруші және көмектеспек болған екеуіне сот 11 жыл 3 айдан жаза тағайындады. Тағы біреуіне 5 жыл 7 ай мерзім берілді. Соңғысының үкімі әлі күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз