Қазақстандық 75 миллион теңгені қарызға ​алып, жоғалып кетті

Алаяқ, ақша алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2022 13:26 Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысының 30 жастағы тұрғыны таныстарынан 75 миллион теңге қарызға алып, құмар ойынға жұмсап жіберген. Артынша Алматыға қашып кеткен. Бірақ ізі суып үлгермеген алаяқты тәртіп сақшылары қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz

Леңгір қаласының тұрғыны ұлының төрт күннен бері із-түзсіз жоғалып кеткенін айтып, полицияға келген. Арызды қабылдаған Түркістан полициясы іздестіру жұмыстарын бастап кеткен. Шамамен бір аптадан кейін жоғалған жігітті Алматыдан табады.

Белгілі болғандай, жас жігіт таңыстарынан 75 миллион теңгені қарызға алып, құмар ойындарға жұмсап жіберген. Қарызға алған ақшасын қайтара алмаған ол, Алматыға қашуға мәжбүр болғанын алға тартты. Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: