Семейдегі ЖЭО-1-де өрт шықты

2022 жылдың 15 желтоқсанына қараған түні Семейдегі N1 ЖЭО-да өрт шықты. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен Zakon.kz тілшісіне хабарлағандай, жылу электр орталығына көмірді құтқарушылар мен әскерилер қолмен жеткізуде.
Ведомствоның мәліметінше, N1-ЖЭО-да 6 желілік метр аумақта конвейер лентасы мен электр кабельдерінің өрті сағат 00:34-те орын алған.
"Сағат 01:36-да өрт толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан қатты отын – көмірмен қамтамасыз ету жүйесінің жұмысы тоқтатылды. Сағат 10:00-ден бастап Төтенше жағдайлар және Қорғаныс министрліктерінің әскери бөлімдерінің әскери қызметкерлері қазандықтарды қолмен жұмыс режимінде қатты отынмен үздіксіз қамтамасыз ету жұмыстарын бастады." Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Бөлісу
0
Толық оқу