Ақтөбе тұрғынының үйінен қару-жарақ арсеналы табылды

Ақтөбе облысы, Алға ауданы, қару-жарақ Сурет: polisia.kz
15 желтоқсан күні сағат 20:00-де Алға ауданында ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі, деструктивті діни ағымды ұстанушы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz .

Ведомство өкілдері оның үйін тінту кезінде олардан Макаров тапаншасы, 12-калибрлі Mossberg аңшы мылтығы, 38 дана 9-калибрлі патрон, 19 дана 12-калибрлі патрон, бір бәкі, 18 дана діни кітап табылып, тәркіленгенін мәлімдеді.

"Факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі негізінде тіркелді", – делінген хабарламада.

Ақтөбе қаласының тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз