Нұр-Сұлтанда қарулы ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
Сурет: polisia.kz
Нұр-Сұлтанда жедел-іздестіру шаралары барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың үш мүшесі ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олар баптың 2-бөлігі бойынша қылмыстық қудалаудан жасырынған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалып, Петропавлда іздеу жарияланды.
Ұстау кезінде күдіктілер WALHER, OSA тапаншаларымен, тиелген травматикалық патрондармен және суық қарумен қаруланған. Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287 бабы бойынша іс қозғалды. Санкциясы екі жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейтін
Қыркүйектің 7-сі күні Ішкі істер министрлігінің арнайы жасақтары қылмыстық топтың 11 мүшесін, оның ішінде басқа ұйымдасқан қылмыстық топпен соқтығысуға қатысы бар «киллер» деген адамды ұстады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript