Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2021 17:00 Pixabay
Тергеу барысында қылмыстық топ 2017-2020 жылдар аралығында бюджетке жалпы сомасы 7,7 млрд.теңгеден астам салықтан жалтаруға мүмкіндік берген жалған шот-фактуралар жасағаны анықталды.

Қаржылық мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу бөлімінің қызметкерлері іс жүзінде істелмеген жұмысты істеді, көрсетілмеген қызметті көрсетті және жеткізілмеген тауарларды жөнелтті деп жалған шот-фактуралар жасаумен айналысатын, белгілі бір ақыға шоттағы ақшаны шешіп, оны қолма-қол ақшаға айналдыратын сегіз адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың іс-әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Тергеу барысында қылмыстық топ 2017-2020 жылдар аралығында бюджетке жалпы сомасы 7,7 млрд.теңгеден астам салықтан жалтаруға мүмкіндік берген жалған шот-фактуралар жасағаны анықталды.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 28-бабы, 3-тармағы, 216-бабы, 3-тармағы (жалған шот-фактуралар жасау), 262 -бабы, 1 және 2-тармақтары (ұйымдасқан қылмыстық топтарды ұйымдастыру) және 241-бап (бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзу), 24-бабы, 3-тармағы, 190-бабы, 3-тармағы (алаяқтық) бойынша ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қозғалған қылмыстық істер сотқа жолданды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: