Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау облысында қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелері ұсталды

Операция кезінде көшбасшысы мен 3 қатысушысы ұсталып, атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді., сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2023 13:21 Сурет: ҰҚК баспасөз-қызметі
Маңғыстау облысында 18 қыркүйекте жедел операция барысында қылмыстық топтың жетекшісі мен үш мүшесі ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 18 қыркүйекте Маңғыстау облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура және полиция органдарының атсалысуымен бопсалауға, ауыр дене жарақатын салу мен заңсыз қару сақтауға күдікті топтың жолын кесті.

Операция кезінде көшбасшысы мен 3 қатысушысы ұсталып, атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді.


"Қолда бар деректерге сай, олар физикалық түрде жәбір көрсету қауіпімен, облыстық және халықаралық жолдарында жеке тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлерден ақшалай қаражаттар талап еткен." ҰҚК баспасөз-қызметі

Шабуылға тап болған жәбірленушілер, олардың арасында лауазымдық міндеттерін атқаруда болған Шекара қызметінің әскери қызметкері анықталған.

Соттың санкциясымен құрықталған тұлғаларға қамауда ұстау түріндегі шарасы қолданылды. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: