Қазақстанда электр энергиясының 70%-ы көмірден өндіріледі

Электр қуаты көбіне көмірден алынады Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда электр энергиясының 70 пайызы көмірден, 20 пайызы газдан, 3 пайызы жаңартылатын көздерден (ЖЭК), қалғаны судан өндіріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Статистика мамандарының мәліметінше6 2021 жылы жаңартылатын энергия көздері нысандарының электр энергиясын өндіру көлемі 4,2 ​​млрд кВт/сағ болды.

Бұл ретте, ірі СЭС-терді ескере отырып, жаңартылатын энергия объектілері өндіретін электр энергиясының үлесі 2015 жылғы 10,3%-бен салыстырғанда 2020 жылға қарай 11%-ға жетті.

Ірі су электр станцияларын есептемегенде бұл көрсеткіш одан да төмен, 2021 жылы ол 3,7% болды.

2022 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің жүйелік операторы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін электр энергиясын тұтынуға шектеулер енгізе отырып, энергетикалық жүйенің Солтүстік, Оңтүстік және Батыс аймақтары үшін төтенше режим жариялағаны хабарланды.

7 желтоқсанда Қазақстанның энергетикалық жүйесінің бүкіл тарихында тарихи максималды тұтыну тіркелді - 16 459 МВт. Бұл ретте елдегі электр станцияларының жалпы генерациясы небәрі 15 203 МВт болды. Тапшылық ресейлік энергетика жүйесінен жоспардан тыс ағындар есебінен жабылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз