Жамбыл облысында ер адамды бопсалаған күдіктілер ұсталды

Ақша бопсалаған ұсталды Сурет: ҚР ІІМ
Тараз қаласының Полиция басқармасына бопсалау туралы облыс орталығының 26 жастағы тұрғыны шағымданды. Ол өзінен қорқыту арқылы апта сайын екі азаматтың әшкерелеуші ақпаратты жарияламау үшін 300 мың теңге көлемінде ақша бопсалап тұратынын айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, Жәбірленушіден барлығы 2 млн теңге көлемінде ақша талап еткен.

Жамбыл облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде арызданушыдан кезекті рет 200 мың теңге көлемінде қаражатты алу кезінде 28 және 29 жастағы жергілікті тұрғындар анықталып, ұсталды.

Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігімен (Қорқытып алу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұсталғандар кінәларын толық мойындады. 29 жастағы күдікті Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оның серіктесіне қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

Күдіктілердің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз