Жамбыл облысында енесінің атына несие рәсімдеп алған келін ұсталды
Сурет: ҚР ІІМ
Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне 57 жастағы осы ауданның тұрғыны белгісіз тұлғаның банк қосымшасы арқылы оның атына 750 мың теңге көлемінде несие рәсімдеп алғаны туралы арызданған, деп хабарлайды Zakon.kz.
26 қазанда Полиция қызметкерлерімен мән-жайды анықтау барысында жәбірленушінің аталған несиеден мүлдем хабары болмағаны анықталды.
Ол осы уақытқа дейін тек 100 мың теңге көлемінде рәсімдеген несиесін ай сайын төлеп жүргені, тек банк қызметкері хабарласып төленбеген несиесі бар екенін ескерткен кезде білгені белгілі болды.
Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде алаяқтыққа қатысы бар 23 жастағы Т.Рысқұлов ауданының тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Күдікті кінәсін толық мойындады. Ол жәбірленушінің келiнi болып шықты. Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript