Ақтөбеде деструктивті діни ағымды ұстанушыдан марихуана табылды

Ақтөбе облысы, деструктивті діни ағым өкілі, есірткі Сурет: polisia.kz
Ақтөбеде деструктивті діни ағым өкілі, Мұғалжар ауданының 34 жастағы тұрғынынан марихуана табылып, тәркіленді. Оны ұстау бойынша арнайы операция желтоқсанның 23-і күні өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында өсімдік заттары салынған 4 қағаз бума табылды. Олар әр түрлі жерде жасырылған.

Мамандар ол зат салмағы шамамен 7 грамм болатын кептірілген марихуана екенін анықтады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігі – "Есірткі, психотроптық заттарды өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, олардың аналогтары" бойынша сотқа дейінгі тергеп, тексеру басталды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз