Жезқазғанның тұрғынынан марихуана мен қару тәркіленді

Жезқазғанның тұрғынынан марихуана тәркіленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2023 23:51 Сурет: polisia.kz
Жезқазған қаласының тұрғынынан 6 келіге жуық марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Құқықтық тәртіп" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Жезқазған қаласының 30 жастағы тұрғынын ұстады.

Күдіктінің үйін тінтігенде тұратын жерінен шамамен 6 келі кептірілген марихуана тәркіленді. Сонымен қатар тіркелмеген тегіс ұңғылы атыс қаруы, бес оқ, кастет тәркіленді.


"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 287, 297-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген ҚР СІМ хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: