Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында ұсталған екі ер адамнан 134 келіге жуық марихуана тәркіленді

Қарасора-2022, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.07.2022 22:01 Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қыметі
Жамбыл облысының қос тұрғынынан 134 келіге жуық марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

“Қарасора-2022” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел ақпаратпен Жамбыл облысы Байзақ ауданының құмды аймағында марихуана жинау сәтінде 31 және 36 жастағы жергілікті тұрғындарды ұстады.

Жақын маңдағы аумақты тексеру кезінде полиция қызметкерлері жалпы салмағы 133 келі 700 грамм кептірілген марихуананы және салмағы 5 грамнан асатын каннабис шайырын тауып, тәркіледі. Сондай-ақ, жабайы қарасораны шабу үшін сол жерден екі орақ тәркіленді. Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Күдіктілер кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктілердің айғақтарын тексеруге және осы қылмысқа қатысы бар басқа да адамдарды анықтауға бағытталған бірқатар жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: