Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлытау облысында ас беру кезінде газ баллоны жарылып, 16 адам зардап шекті

Төтенше оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2022 18:46 Сурет: Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі
27 желтоқсанда Ұлытау облысындағы Жаңаарқа ауылының жеке тұрғын үй аумағында ас беру кезінде газ баллоны жарылып, 16 адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, баллон тұрғын үйдің маңындағы моншада жарылған.


"Жарылыс салдарынан 100 шаршы метрді құрайтын моншаның шатыры қирап, от тұтанған", делінген баспасөз қызметі хабарламасында.

Сондай-ақ, жарылыстан 16 адам зардап шекті, олардың сегізі ауруханаға жатқызылды, біреуінің жағдайы өте ауыр. Медициналық тексеруден кейін сегіз адам үйіне босатылды.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, қауіпсіздік техникасы өрескел бұзылған, газ баллоны аяздан үй-жайға кіргізіліп, от жағатын құрылғы жанына орнатылған". Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі


Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2022 18:46

Сурет: Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: