Жаңалықтар тізбегі
0

БҰҰ Бас хатшысы делдал болуға дайын. Бай украиндықтардың байлығы 20 млрд долларға кеміген

Геосаясат, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2022 23:57 Сурет: Facebook/Офіс Президента України
Зеленский Украинада 9 миллион адам жарықсыз қалғанын мәлімдеді, Ресей Еуропаға газ жеткізу үшін поляк транзитін пайдалануға дайын, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Украинаның бүкіл территориясында әуе дабылы жарияланды.

- БҰҰ Баc хатшысы Антонио Гутерриш Украина бойынша саммит өткізу мәселесінде делдал болуға дайын, егер барлық тарап келіскен жағдайда ғана, соның ішінде Ресей де.

- Италияның Сыртқы істер министрі Антонио Тайани Украинадағы жағдайды бейбіт реттеу келіссөздерін бастау бойынша Мәскеуден белгі күтетінін айтты. Оның айтуынша, бұл процесс Запорожье атом электр станциясындағы (ЗАЭС) қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі уағдаластықтардан басталуы мүмкін.

- Жаңа жылдан бастап "Дружба" мұнай құбырының украиналық учаскесі арқылы мұнайды Еуропаға тасымалдау құны қымбаттайды, өйткені қарқынды жүргізіліп жатқан әскери іс-қимылдар мен энергия нысандарын бүлдіру қызмет көрсету шығындарының өсуіне әкеліп соғып отыр.

- Зеленский Украинада 9 миллион адам жарықсыз қалғанын мәлімдеді. Дегенмен жарықты өшіру саны мен ұзақтық аралығы кеміп жатқанын атап өтті.

- 2022 жылдың ақпанынан бастап ең бай украиндықтардың жиынтық байлығының көлемі 20 миллиард долларға кеміді. Қазір бұл көлем 22,5 миллиард доллар деп бағаланады, деп хабарлайды украиналық БАҚ.

- Ресей Еуропаға газ жеткізу үшін поляк транзитін пайдалануға дайын. Вице-премьер Александр Новак Ямал — Еуропа газ құбыры арқылы газ тасымалын қайта жаңғыртуға дайын екенін мәлімдеді.

- Украинадағы іс-қимылдарға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тәртібі мен барысын Үкімет тексеретін болады, - деді РФ премьер-министрі Михаил Мишустин.

- Киевте 160 мың тоннадан астам темір кенін бұғаттау бойынша есеп берілді. Болжам бойынша, өнім ресейлік олигарх Әлішер Усмановтың компаниясына тиесілі. Табиғи минерал партиясы елдің бірнеше теңіз порттарының аумағынан табылды. Шикізаттың құны 2 миллиард гривен деп бағаланады. Тәркіленген мүлікке тыйым салынды.

- Украинадағы "шиеленістің" басты бенефициары АҚШ болып табылады, олар одан экономикалық және әскери-стратегиялық тұрғыдан барынша пайда табуға тырысады, - дейді РФ СІМ басшысы Сергей Лавров. Оның айтуынша, америкалықтар бір мезетте осы оқиғаның есебінен басқа да геосаяси міндеттерін еңсеріп бағуда, мәселен Еуропа елдерін одан әрі өзіне бағындыра түсу дегендей.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: