78 қазақстандық "Болашақ" бағдарламасымен әлемнің үздік жоғары оқу орындарына түсті

"Болашақ" бағдарламасының стипендияттары белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2022 16:33 Сурет: unsplash
Республикалық комиссия шешімімен биылғы үшінші легінде "Болашақ" стипендиясы 178 адамға тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Оның ішінде 78 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасына, 6 адам докторантурасына түсті. 110 стипендиат "Тағылымдама" бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырады. "Болашақ" стипендиясының иегерлері әлемнің 20 мемлекетінде академиялық білім алады және тағылымадаман өтеді. 93 адам АҚШ-тың, 47 адам Ұлыбританияның және т.б. елдердің жоғары оқу орындарында білім алады", - делінген “Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ ресми Telegram-каналында.


2022 жылы стипендиаттардың басым көпшілігі инженерлік-техникалық бағыттар бойынша шетелде дайындықтан өтеді.

Биыл мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау процесі іске қосылды. Басымдық инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға беріледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: