Жаңалықтар тізбегі
0

Анкарада Ахмет Байтұрсынұлының ескерткіші салтанатты түрде ашылды

Салтанатты шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.12.2022 17:35 Сурет: Facebook/ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Анкарада Қазақстанның Тәуелсіздік күні мен қазақтың белгілі ағартушысы, түркітанушы-ғалым, көрнекті мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай Етимесгут муниципалитетінде Ұлт ұстазының ескерткіші мен паркі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған шараға Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Еркебұлан Сәпиев, Етимесгут муниципалитетінің әкімі Енвер Демирел, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, ҚР Сыртқы істер министрінің өкілі Хасан Баджажы, Анкарадағы түркітілдес мемлекеттер Елшіліктерінің өкілдері, ТҮРКСОЙ өкілдері, "YDA" холдинг басқарма төрағасы Хусейн Арслан, Қазақстан мәдениет және сауда орталығының төрағасы Ғанимет Қайсаұлы, Қазақстан мәдениет және сауда орталығы төрағасының орынбасары және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Түркиядағы өкілі Ержан Уәйіс, зиялы қауым, қазақ диаспорасы және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында сөз сөйлеген елші Еркебұлан Сәпиев Қазақстанның Тәуелсіздік күні мен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы саябақ пен ескерткіштің ашылуына үлес қосқан Етимесгут муниципалитетінің төрағасы Енвер Демирелге және қызметкерлеріне, "YDA" холдинг басқарма төрағасы Хусейн Арсланға, Астана қаласы әкімдігіне алғысын білдірді.

Биыл ЮНЕСКО-ның шешімімен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы халықаралық тұрғыда аталып өткенін, осы ретте елшілік тарапынан да көптеген маңызды іс-шаралар өткізілді. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқына ғана емес, күллі түрік халықтарына ортақ тұлға, ол Қазақстанның болашағы үшін ғана емес, түркі әлемінің азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен тұлға. Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Еркебұлан Сәпиев

Оның айтуынша, Түркия астанасы Анкара қаласында Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы паркінің және ескерткішінің ашылуы бауырлас қазақ және түрік халықтарының мәдени-гуманитарлық қатынастарының алдағы уақытта да тұрақты дамуының көрсеткіші болып табылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: