Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша заңға қол қойды

Тоқаев жемқорлыққа қатысты заңға қол қойды Сурет: Zakon.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір заңнамалық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша өзгерістерге қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетейік, бұған дейін президенттің қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселесі бойынша заңға қол қойғаны, сонымен қатар экологиялық құқықбұзушылық және вандализм үшін жауаптылықты күшейту туралы заңға қол қойғаны хабарланған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз