Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңға қол қойды

Заңға қол қою, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2022 19:39 Сурет: Zakon.kz
Президент «ҚР-дың кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, сондай-ақ мемлекеттік баға реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заң жобаларының мақсаты қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы, сондай-ақ аталған саладағы ұлттық заңнамалық жүйені нығайтуға бағытталған.

Жаңа нормалар осы саладағы қылмыстық әрекеттердің алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге бағытталған жүйелі және практикалық тәсілдерді жандандыруға мүмкіндік береді.

Құжатты дайындау барысында Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсыныстары ерекше талданды.

Біріншіден, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 1617 қарарына сәйкес, ФАТФ ұсыныстарын орындау БҰҰ-ға мүше елдер үшін міндетті болады.

Екіншіден, биыл Қазақстан кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың бағалауынан өтуі тиіс. Ол топтың көшпелі іс-шарасы елімізде биылдың күзінде өтеді. Сондықтан ұлттық заңнамаларға ФАТФ халықаралық стандарты аясында негізгі толықтырулар енгізілген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: